25 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №113 

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 19 сәуір,Астана қаласы «Іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 124 бұйрығының күшін жою туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 124 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7912 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 19 қыркүйекте № 609-614 (27687) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте: 1) осы бұйрықтың көшірмесін оған қол қойылған күнінен бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр А.МҰХАМЕДИҰЛЫ